Оқиға
2 мин оқу 410

Қазақстандық каскадерлер «Таурус» сыйлығын иеленді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Nomad Stunts тобы әлемдік каскадерлер академиясының &laquo;Таурус&raquo; сыйлығын жеңіп алды. Бұл сыйлық қазақстандық каскадерлерге режиссер Ақан Сатаевтың &laquo;Томирис&raquo; тарихи драмасындағы трюктері үшін берілген.</p>

Қазақстандық каскадерлер «Таурус» сыйлығын иеленді

Қазақстанның еңбек сіңір­ген қай­раткері, каскадер Жай­дарбек Күнғожинов 2000 жы­лы өзі ұйымдастырған ха­­лық­аралық кәсіби Nomad Stunts каскадерлер команда­сына әлемнің үздік экшн-ма­мандарына берілетін «Тау­рус­тың» бұ­йыр­ғанын зор мақ­­танышпен әрі ұлттық кино тари­хындағы үл­кен жетістік деп атап өтті. Жайдарбек Күн­ғожиновтің айтуынша, «Томирис» – No­mad Stunts үшін маңызды ж­о­­ба­лардың бірі. Бұл фильм­де батыс стандарттары бойын­ша жұ­мыс істеген топқа экшн, ак­терлерді іріктеу, да­йын­дық жұмыстарына уақыт жет­кілікті болған. Топ мү­ше­лері осы жобаға ұсыныс жа­саған режиссер А.Сатаевқа ал­ғысын білдіре отырып, өз­дері орындаған трюктердің ба­сым көпшілігі фильмнің ал­­­ғашқы көрсетіліміне шыға­рыл­ғандығын атап өтті.

Жыл сайын әлемнің үздік каскадерлерін, қоюшы және экшн мамандарды сараптайтын «Таурус» жүлдесінің ма­рапаттау рәсімі Лос-Анд­же­лесте Paramount студиясын­да онлайн режімде өтті. Бү­гінде әлемнің ең ірі кино жо­ба­ла­рына қатысып жүрген Nomad Stunts аталған жүлдеге екі мәрте үміткер болғаны бе­лгілі. 2017 жылы «Викинг» филь­міндегі трюктері үшін осы марапатқа ұсынылғанмен, жеңіс қазақстандық топқа бұйырмаған болатын.

«Оскар» деп те аталатын сыйлыққа үміткерлердің қа­тарында «Капитан Мар­вел», «Джон Уик 3», «Форсаж: Хоббс және Шоу» басқа да фильм­дердегі каскадерлер қатыс­­­ты. «Шетел фильміндегі үздік трюк­тер» аталымында Nomad Stunts тобы «Ленинградты азат ету» (Ресей), «Захар Беркут» (Украина), «Касабланка» (Еги­пет) және «Римнің бі­рін­ші патшасы» (Италия) фильм­де­ріндегі әріптестерімен бақ сы­насқан болатын.

Nomad Stunts тобының осын­дай үздік жобаларының бірі осы жылдың тамыз айында прокатқа шыққан Disney студиясының «Мулан» филь­мі. Олар ат үстіндегі барлық күрделі трюктерді орындап, Жайдарбек Күнғожинов эпи­зодтық рөлге түсті. Осы жолы Nomad Stunts тобы Disney компаниясымен жұмыс істеген алғашқы қазақстандық каскадерлер десек, топ жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Гол­ливудтың ең ірі студиялары жобасында рөл алған алғашқы қа­зақстандық актер.

Бүгінде Қазақстанның ең танымал каскадерлер тобы Ақан Сатаев, Тимур Бек­мам­бетов, Сергей Бодров және Қазақстанда кино түсі­ріп жүр­­ген басқа да режиссер­лер­мен, сонымен бір­ге Силь­вестер Сталлоне, Арнольд Шварценеггер, Брюс Уиллис, Джет Ли, Киану Ривз, Натали Портман және басқа да Гол­ливуд жұлдыздармен ірі жо­баларға қатысып келеді. Жай­дарбек Күнғожинов тобының жұмысы Голливудтан Бол­ливудқа дейінгі жобаларда беделді топтардың бірегейі. Сонымен бірге Америка, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері және Қытайда, Түр­кия, Ресей мен Малайзияда Американың «Марко Поло» сериа­лының түсіріліміне де қа­тысқан. Олар ірі жобалармен қатар Netflix және HBO қызметтеріне арналған жобаларда да жұмыс істейді.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Қазақстандық каскадерлер «Таурус» сыйлығын иеленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар