Әлем
1 мин оқу 184

Түркияда өлім-жітімнің тәуліктік рекорды жаңартылды

<p style="text-align: justify;">Түркияда коронавирустық инфекциямен ауырған науқастар арасындағы тәуліктік өлім көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті: соңғы тәулікте 153 адам қайтыс болды.<strong><br /></strong></p>

Елде коронавирус пандемиясы екінші шыңына жетті. 22 қараша күні, елде пандемия басталғалы бергі уақыттағы бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының ең жоғары көрсеткіші анықталды – 6 017 жағдай.

Түркия мемлекетінде COVID-19 жұқтырудың 6713 жаңа жағдайы тіркелді, жалпы жұқтырғандар саны – 453 535, қайтыс болғандар – 12 511 адам. 4 409 адамның ахуалы нашар деп бағалануда.

Бөлісу:
Түркияда өлім-жітімнің тәуліктік рекорды жаңартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар