Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек - Президент
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX Съезінде айтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</span></p>
"Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән беріледі. Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі", деді Президент.
Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді.
"Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстеледі. Біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз", деді Мемлекет басшысы.