Әлем
1 мин оқу 110

Еуропа елдері коронавирусқа қарсы жаңа шектеулер енгізді

<p style="text-align: justify;">Ұлыбританияда 15 желтоқсаннан бастап COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары елдерден келген адамдарды коронавирус инфекциясына тестілеудің жаңа жүйесі жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Міндетті өзін-өзі оқшаулау мерзімі тест нәтижесі теріс болған жағдайда бес күнге дейін болады.

Швецияда шектеу шаралары күшейтілуде. Сейсенбіден бастап ел тұрғындарына 8 адамнан артық жиналуға тыйым салынды, жерлеу рәсіміне 20 адамнан артық қатысуына рұқсат етілмейді.

Италияда соңғы тәулікте 853 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Ел үкіметі алдағы мерекелерден кейін COVID-19-дың үшінші толқынын болдырмау мақсатында алдын алу шараларының жоспарын дайындауда.

Бөлісу: