Парламент
1 мин оқу 154

«Әлеуметтік кодекс» жобасының тұжырымдамасы талқыланды

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаттары Нариман Төреғалиев пен Динар Нөкетаева палата жанынан құрылған Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті. Онда Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасы кеңінен талқыланды.</p>

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір «Әлеуметтік кодекстің» жобасы әзір­леніп жатыр. Заң жобасын дайындау кезін­де біз сарапшылардың пікірін ескеруі­міз керек. Сондай-ақ әлеуметтік саясат­тың бар­лық мәселелерін егжей-тегжейлі қарас­тырып, нормативтік құқықтық актілерді бір кодекс­те жүйелеу қажет. Бұл, ең алдымен, азамат­тары­мыз үшін қолайлы», деді Нариман Төреғалиев.

Депутаттар мен сарапшылар «Әлеумет­тік кодексте» зейнетақымен қамсыздан­­дыру, әлеуметтік көмек пен сақтандыру, әлеу­меттік кепілдіктерді, сондай-ақ мини­мал­ды әлеуметтік стандарттар мен әлеумет­тік тәуекелдерді басқару және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастардың кең спектрі қамтылуы керек деп есептейді.

«Бұл құжат ең төменгі жалақы, күнкөріс мини­мумі, кедейлік шегі енетін, оларды қалып­т­ас­тыру тетіктері айқын және халыққа түсінікті болатын әлеуметтік стандарттарға негізделуі керек», дейді экономист Асқар Қысықов.

Сонымен қатар Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының өкілдері «Әлеуметтік кодексте» қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бала құқық­тарын қорғаудың шаралары белгіленіп, қайы­рымдылық, еріктілер және әлеуметтік кәсіп­кер­лік мәселелері ескерілуі керек деген пікір қосты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
«Әлеуметтік кодекс» жобасының тұжырымдамасы талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар