Экология
2 мин оқу 170

25 мың қазақстандық экологияны жақсартуға көмектесті

<p style="text-align: justify;">Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырза&shy;ғалиев Үкімет отырысында отандық эко&shy;бел&shy;сенділерімен бірлесіп, өңірлер&shy;дегі экологиялық ахуал&shy;ды жақсартуға бай&shy;ла&shy;ныс&shy;ты жол карталарын таныс&shy;тырды.</p>

Ведомство басшысы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған Экологиялық кодекстің жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберілгенін айтты.

«Жаңа экологиялық кодекстің қабыл­дануын күтпей «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рымдамасына сәйкес, экологиялық проблемалар мен оларды халықпен, әсіресе барлық өңірлердегі экобел­сенділермен шешу жолдары қарас­тырылды. Барлығы он жеті онлайн кез­десу өткізілді. Оларға жиырма бес мыңға жуық адам қатысты», деді министр.

Өңірлердегі экологиялық ахуал­ды жақсартуды көздейтін он жеті жол картасы әзірленді. Айта­лық, Қарағанды облысының эколо­гиялық жағдайын жақсарту үшін да­йындалған Жол картасында елу жеті іс-шара қарастырылған. Олар­дың арасында «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында қазандық және газ тазалау жабдығын қай­та жа­ңарту, әк күйдіру цехын Те­міртау қаласынан тыс шығару және Жез­қазған қаласында «Қазақмыс» кәсіп­орнының жаңа күкірт қыш­қылы цехын салуды айтуға болады.

Бұл шаралар қоршаған ор­таға теріс әсерді төмендетуге мүм­­кіндік бе­­реді. Сонымен қоса Теміртау қа­ла­­сында өндірістік ағынды су­лар­ды тазарту торабын және Бал­қаш пен Жезқазғанда жаңа кәріз­дік тазарту кешендерін салу, «АрселорМиттал Темір­тау» қал­дық­тарын кәдеге жарату, Жез­қаз­ғанда биоэлектростансасын салу және «Дарьял-У» жерлерін қалпына келтіру жоспарланған.

Алматы бойынша Жол картасында жиырма іс-шара қа­растырылған. Олардың ішінде: ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газға ауыс­тыру, қалаға ір­гелес жат­қан жеке сектор ауданда­рын газдандыру, коммуналдық қыз­меттер мен қоғамдық көлік қызме­тіндегі ав­токөліктерді сы­ғыл­ған табиғи газға ауыстыру, ди­зелді отын­мен жү­ретін қоғамдық кө­ліктерге кезең-ке­зеңімен тыйым салу, сол секілді кө­гал­дандыру ба­­ғы­тындағы жұмыстар қарас­ты­рылған.

Бөлісу:
25 мың қазақстандық экологияны жақсартуға көмектесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар