Руханият
1 мин оқу 190

Қайырымдылық дүкені бар қала

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласында тұрмысы төмен тұрғындарға арналған қайы&shy;рымдылық дүкені бір жылдан бері жұмыс істеп келеді. Дүкен деген аты ғана болмаса, мұндағы бұйымдар келген адамдарға су тегін үлес&shy;тіріледі.</p>

Волонтерлерден құрылған «Про­ме­­тей» қозғалысының белсен­ді­лері осыдан бір жыл бұрын Нариман ба­за­рының маңынан ғимарат жалдап, жоқ-жітікке жылу жинайтын орын ашқан. Содан бері қайырымды қала тұрғындары өздерінен артылған киім-кешек пен басқа да тұрмыстық бұйымдарды осы жерге әкеп тапсыруды әдет еткен. Мұның сыртында, кейбір азаматтар басы артық киім-кешегі, балаға арналған ойыншығы  бар екенін хабарлап қоңырау шалып жатады. Белсенді азаматтар мұндай мекенжайларға өздері барып, бергенін осы дүкен сөресіне әкеліп қояды.

Қайырымдылық дүкеніне таяуда қаладағы «Темірлан» әскери-спорт клубының спортшылары көптеген киім-кешек түрлерін тарту етті.

– 30 жыл бойы балалармен жұмыс істеп, жастарды спортқа бау­лып келемін. Өзімнің де балам мен немерем бар. Қаламызда қайы­рымдылық дүкені бар екенін жа­қын­да ғана естідім. Мұндай игі ша­радан тыс қалуға болмайды, бірден өзім жаттықтырып жүрген балалардың ата-аналарына үндеу тастадым. Көптеген жылы киім, жақсы бұйымдар жиналды. Тіпті таяуда ғана өзінің сауда дүңгіршегін жапқан бір ата-ана жап-жаңа мектеп киімдерін әкеліп тапсырды, – деді спорт клубының жетекшісі Руслан Сексенбаев.

Темірландықтардың қатарына Қостанайдағы бірнеше әскери-па­триот­тық клуб келіп қосылды.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қайырымдылық дүкені бар қала · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар