Аймақтар
1 мин оқу 144

Шетелден келген 2 адамнан коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">25 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, РФ, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь Республикасы мен Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

1 026 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 921 адам, анықтамасыз 105 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 507 жолаушы, анықтамамен - 431, анықтамасыз - 76;
Алматы қаласының әуежайына - 5 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 391, анықтамасыз - 29;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 99 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Бөлісу:
Шетелден келген 2 адамнан коронавирус анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар