Қоғам
1 мин оқу 210

Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады

<p style="text-align: justify;">Шымкентте оқ атудан Қазақстанның чемпионаты өтуде. Орталық спорт клубының қоржыны 2 алтын, 3 күміс пен 4 қола медальмен толықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Турнирде кіл мықталардың қатарынан көріну үшін 100 қатысушы сайысқа түсті. Жарыстың бағдарламасына жеті жаттығу кірді. Спортшылар шағын калиберлі, пневматикалық мылтықтан, сондай-ақ пистолеттің әр түрінен жалғыз және жұптасып атудан жарысты.

Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын мергендер Юрий Юрков, Елена Файнберг және Дарья Калинина қорғады.

"Бұл жарыстар биылғы жылдың соңғы жарыстары. Чемпионат барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес өткізілді. Ал армия спортына келер болсақ, олар әрқашан өздері көрсетіп жүрген жоғары, шебер және кәсіби даярлық деңгейін көрсетті. Әскери қызметші Юрий Юрков – "Токио-2021" Олимпиада ойындарына жолдама алғанын айта кетейін", - деп бөлісті аға жаттықтырушы – Орталық спорт клубының оқ және стенд атудан команда бастығы Ольга Важнина.

Бөлісу:
Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар