Мемлекет басшысы Михаил Мясниковичпен пікір алмасты
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан ары дамыту перспективаларын талқылады.
Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процесстердегі рөліне тоқталды.