Елбасы
7 мин оқу 800

Елбасы және Қазақстан ғылымы

<p style="text-align: justify;">Кеңес дәуірінде де қазақ ғылымы сала-сала бойынша дамыды. Кедергілер мен қиыншылықтар да болды. Соған қарамастан қазақтың талантты ұл-қыздары Мәскеу асып, Еуропа елдеріне де шығып, қазақ ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Алайда еліміз тәуелсіздік алған соң ғылымға жаңаша көзқарас қажет болды. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы дәл бағамдай білді.</p>

Елбасы және Қазақстан ғылымы

1991 жыл еліміздің ұлттық же­тіс­тігі есебіндегі отандық ғы­лым дамуының жаңа кезеңі бас­­тал­ғандығымен ерек­шеленді. Қазақ­станның құқықтық мен­шігіне 100-ден астам жалпы одақ­тық мемлекеттік ғылыми-тех­ни­калық мекеме өткендіктен ғылымды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығы күрт өсті. Жаңа жағдайларға байланысты қыс­қа мерзім ішінде мемлекеттік ғылы­ми-техника­лық саясатты айқын­дау қажеттілігі туындады, елдің ғылыми-техникалық күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрі дамыту үшін ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жыл­ғы 15 қаңтардағы қаулысы­мен «Қазақстан Республика­сы­ның ғылым және ғылыми-тех­ника саясаты туралы» заң қа­был­данды. Осы жылы Елбасы­ның «Эко­но­микалық реформа­лар жағ­дайында Қазақстан Респуб­ли­касы мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетілдіру» туралы Жарлығымен Қазақстан Респуб­ликасының Ғылым және жаңа технология министрлігі құрылды.

Министрлікке мынадай мін­деттер жүктелді: республи­ка­ның ғылыми-техника саласының дамуы жолында мемлекеттік саясат жүргізу; ғылыми және ғы­лыми-педагогикалық кадрлар даяр­лау жұмыстарын үйлестіру; ғылыми-технологиялық салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

Тәуелсіз Қазақстан ырғақты да тұ­рақ­­ты даму үстіндегі ел. Ал ғылым са­ла­сындағы өзгерістер – мемлекеттік сая­сат пен басқару, адам капиталы, қар­жы­лан­дыру мен заңнамалық бекем­деу, материал­дық-техникалық жаб­дық­тау – эволюциялық сипаттан гөрі ре­волю­циялық сілкініс­тер­ге көп ұқсас. Бұл орайда зерт­теушілердің қиялы мен қала­мына қанат бітірген бірнеше ішкі және сыртқы факторды баса көрсеткен ләзім.

Кеңес Одағының ыдырауымен ше­кара­­дағы темір тор ысырылып, Қазақ­стан – әлемнің, әлем – Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетімен кешенді танысу мүм­кіндігі ашылды. Бұл орайда Қазақ­станның БҰҰ-ға мүшелікке қабылданғанының мәні ерекше. Шешім 1992 жылғы 2 наурызда қабылданды. Іле, яғни 1993 жылдың мамырында еліміз БҰҰ-ның Білім, ғылым және мә­дениет мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО құрамына 164-ші мемлекет болып кірді.

Маңызды сыртқы фактор қатарына тарихшы ғалым­дары­мыздың Еуропа мен Амери­кадағы, Азия мен Африкадағы маңызды жиындарға қатыса бастауын айтсақ болады. Шетел­дік әріптестер де Қазақ­станға көп­теп келетін күн туды. Кітап­тармен, идеялармен, жұмыс тә­жі­рибелерімен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру – бәрі отандық тарих ғылымын кешенді байытқаны күмәнсіз.

Міне, осылайша елімізде ғылым­ды дамыту жүйелі жүр­гізіле бастады. Елбасымыз шет­ел­дерде жүрген көптеген ғалым­­дарды елге қызмет етуге ша­қыр­­ды. Солардың бірі еліміз­ден шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқ­тар Әубәкіров. Ресейде қыз­мет етіп жүрген жерінен елге ша­қы­ры­п ғарышқа ұшуына мүм­кін­дік жасаған Нұрсұлтан Әбішұ­лы екенін ел біледі. Бұл оқиға бүгінде тарихтан лайықты орнын алған. Ал осы сапарында Тоқтар Әубәкіров қазақ ғылымын ға­рыш­пен байланыстырды.

Қазақ Ұлттық аграрлық уни­вер­ситетінің ректоры, ҰҒА академигі Тілектес Есполовтың «Назарбаев фено­мені» және жастар» атты мақала­сында «Қазақ­стан – тарихи қысқа мерзім ішінде ғасырға татитын жолдан өтті, ұлы табыстарға қол жет­кізді. Тәуелсіз мемлекет құру – ар­ман­нан шындыққа айналды. Елд­ікті сақтау, азат ел болудың бақы­тын сезіну және елім деп емі­ре­нетін ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың борышымыз. Ұлт Көшбасшысы қалыптастырған қазақстандық модель – патриотизм рухының қайнар көзі. Еге­мен еліміз­дің іргесі қаланып, өс­ке­лең елдердің қатарынан орын алуымыз, ол ең алдымен халықты кемел келешекке бастаған Тұң­ғыш Президентіміздің дана­лық саясатының нәтижесі. Елбасы­ның батыл қадамдары ел эконо­мика­сының қарыштап дамуына, тәуелсіздігіміздің қауіпсіздігін нығайтуға негіз болды. Еңсесін тіктеген еліміз Елбасымыз­дың ұйытқы болуымен, бүгінде Рухани жаңғыруға бет бұрып, Ұлы даланың тарихи қырларын та­нып-білуге ұмтылуда. «Тарих­ты тұлғалар жасайды» деген қағи­даға сүйенсек, мемле­кеті­міздің жаңа тарихы Елбасы есімімен тығыз байланысты. Уақыт өткен сайын еліміз өркениетті мемлекеттер қатарына кіріп, жаңа даму стратегиясын іске асыруда. Адал еңбек, рухани тәрбие, терең білім, жаңашыл ғылым ең ал­дымен әрбір азаматты адам­гер­шілікке үйретеді. Бұл ретте Пр­езиденттің жасампаздық және жаңашыл тұлғасы әрбір қазақ­стандыққа үлгі-өнеге. Олай болса, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өту, оны халықтық мерекеге айналдыру объективті құбылыс», деп жазды.

Үкіметтің 1993 жылғы 22 қаңтар­дағы «Қазақстан Республи­касында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру және жоспарлауды жетiлдiру шаралары туралы» Қаулысы бойынша ғылы­ми-техникалық және тәжiрибе­лiк-конструкторлық жұмыс­тар (ҒТТКЖ) мен ғылыми-техника­лық бағдар­ламаларды республи­калық бюд­жет­тен қаржыландыру тәртiбi айқын­далды. 1993 жылдан бастап мемлекет бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекет тарапынан ғылыми-техникалық сарап­тау енгi­зiлдi. Республикада өт­кi­зiлетiн ашық тәжi­рибелiк-конс­трукторлық және жоба­­лық-технологиялық жұмыстар мен олар бойынша есеп беру құжат­тарын мемлекеттік тiркеу­дiң бiрыңғай тәртiбi бекiтiлдi. Осы­лайша, ҒТТКЖ-дi қар­жылан­дыруды бағдарламалық-мақ­сатты әдiске көшiрудiң норма­тивтiк-құқықтық негiзi жасалды.

Елде машина жасау, атом өнеркәсiбi мен энергетиканы дамыту жөнiнде мем­ле­кеттік бағдарламалардың жоба­лары жасал­ды. Республика тау-кен метал­лур­гиясы кешенiн дамытудың тұжы­рым­­дамасы бекітілді. Түрлi мақсат­та­ғы жоғары тиiмдi катализаторлар, қоңыр және тас көмiр, тақта тасты сұйыл­тып қайта өңдеу кезiнде алынатын синте­ти­ка­лық мұнай мен оны өңдейтiн шағын зауыттар жоба­лары жасалды. Шағын кәсiпорын мен өндiрiстер ұйым­дас­тырылды. Каспий теңізінiң құқық­тық мәр­тебесi айқындалып, аймақ­тар­дың өн­дiрiстiк күштер құрылы­мын оңтай­лан­дыру мен ха­лықты тiршiлiктiк қам­тамасыз ету жүйесi, М.Әуезов шығар­ма­лары­ның 50 томдық академиялық то­лық жинағын дайындау мақ­сатында көптеген ғылыми-зерт­теу жұмыстары атқарылды.

Үкiмет жанынан iргелi және қол­дан­балы ғылым мен техниканы дамытудың мемлекеттік басымдықтарына және болжам жасауға жауапты консультативтi-кеңес органы болып саналатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) құрылды. Ел Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегi «Академик Қ.И.Сәт­баев­ты мәңгi есте қалдыру туралы» Қаулысына сәйкес 1999 жылы бiрқатар мерейтойлық шаралар өткiзiлдi. 1999 жылы 15-23 сәуiр аралығында Париждегi ЮНЕСКО бас пәтерiнде аса көр­нектi ғалым, академик Қ.И.Сәт­­баевтың 100 жылдығына арнал­ған халықаралық ғылыми симпозиум өттi.

2000 жылы Үкiметтiң қау­лы­сы­мен ғылыми-техни­ка­­лық саланың тұрақ­ты да­м­уын қамтамасыз етуге және ғылыми-техникалық потен­циал­дың қа­лыптасуына бағытталған, экономика мен оның қорларының қазiргi заманғы инновациялық талаптарына жауап беретiн Қазақстанның ғылым және ғы­лы­ми-техникалық саясатының тұжы­рымдамасы мақұлданды.

Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентi мен Үкiметiнiң қол­дауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бiрлесуi арқылы елорда мен Алматы қаласында 2000 жылы 11-14 мамыр аралығында «Үшiншi мыңжылдық ғылымы» атты халықаралық конферен­ция өткiзiлдi. Түркiстан қаласы­ның 1500 жылдығын той­лау шең­берiнде 20-21 қазанда «Қазақ­стан мен Түркi әлемi­нiң руха­н­и тарихындағы Түркi­стан және Қожа Ахмет Ясауи» халық­­ара­лық ғылыми-практикалық кон­ференциясы өткiзiлiп, оның жұ­­мы­сына Қазақстан мен таяу және алыс шетелдерден келген 200-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты.

2001 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында бiлiм және ғылым қызмет­кер­­лерiнiң съезi өтiп, онда Елбасы Н.Ә.Назарбаев баян­дама жасады. Елбасы баян­дамасында Қазақстан үшiн елдiң әлеуметік-экономикалық рухани дамуы факторында отандық ғылымды қайта құрудың өмiрлiк маңызы бар екендiгiн мәлім­деді. 2001 жылы 12 шiлдеде қабыл­данған «Ғылым туралы» заңы ғылымды басқаруды одан әрi жетiлдiрудiң, инновация мен зерттеу процестерiн ұйым­дас­тырудың, кадрлар даярлау­дың, отандық ғылымды әлем­дiк ғылыми қауымдастыққа инте­грациялаудың негiзiн қалаушы құжат болды. Ғылы­ми-зерттеу институттарының материал­дық-техникалық базасын нығайту мақ­сатында, ғылыми зерттеулер үшiн бiре­гей құрал-жабдықтар сатып алуға, ғылыми мекемелердi қазiргi заман­ғы компьютерлiк техникамен жарақ­тан­­дыруға бағытталған «Ғылыми меке­ме­лерге құрал-жабдықтар сатып алуды республикалық деңгейде қаржы­лан­дыру» туралы жаңа бюджеттiк бағдар­ламаға сәйкес алғаш рет қаржы бөлiндi.

Қазiргi уақытта ғылыммен тығыз бай­ланысты өндiрiстерге арналған конс­трукторлық-жоба­лық және техни­калық-құжат­тық жұмыстар баршылық. Отан­дық технологияны пайдалану негiзiнде көп өнiм беретiн деңгейге жетуге мүмкiндiгi бар елдегi химия және мұнай-химия өнiдiрiстерi мен мұнай, газ және көмiр өңдеу бойынша бәсекеге қабiлеттi және тиiмдi құ­ры­лыстарды кеңейту мен жаңарту көзделуде. Тәуелсiздiк жыл­дарындағы кезең ғылымды ұйым­дастыру мен ғы­лыми шы­ғар­машылық процестi бас­­қару­дың жаңа тәсiлдерiн енгiзу, ғалым­дар iс-әрекетiне қолайлы жағдай туғызу, ғылы­ми кадрлар­дың жаңа буы­нын даяр­лау, бiлiм мен ғылымды ин­те­гра­ция­лаудың барынша оңтайлы жү­йесiн iздестiрумен сипатталады.

2009 жылы Қазақстан Дүние­жүзілік экономикалық форумы халықаралық үкіметтік емес ұйымы жүргізген ғалам­дық бәсекеге қабілеттілік индексі рей­тингінде 67-орынды иеленді.

2010 жылдың 11 наурызынан Қазақ­стан Орталық Азия мемлекеттері ішінде бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігінің толыққанды мүше­лігіне енді. Бұл білім жүйесі Болон процесі деп аталады.

2011 жылғы 18 ақпанда «Ғы­лым туралы» заң қабылдан­ған­нан кейін бұл салада үлкен өзгерістер болды. Аталған заң аясында қазіргі қолданыстағы заң бап­тарының шамамен 60 па­йызы өзгертілді немесе толық­тырылды. Білім беру мен ғылым саласы үшін басты мәселенің бірі – қызметкерлер үшін жалақы көлемін арттыру мақсаты қойылды.

Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу инс­ти­тут­тары мен жоғары оқу орындары. Бүгінде Қазақ­станда ғылыми-зерттеу жұмыс­тарымен айналысатын 383 ұйым бар. Білім және ғылым ми­нистр­лігінің же­тек­­шілігімен елі­міздегі оқу орындары жаны­­нан ғылыми-зерттеу орталық­тары­ның құрылуы да отандық ғылымның ілге­рілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елі­мізде білім беру­ді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асы­­рылуда. Осыған орай қазақ­­стан­дық білім мен ғы­лым­­­ның жаһандық бәсе­кеге қабі­­лет­тілігін кеңейту, елдің әлеу­­мет­тік-экономикалық дамуына ғылым­­ның үлесін арттыру мақ­сатында Үкі­мет 2019 жылдың желтоқ­санында Қазақ­стан Рес­пуб­ликасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жыл­дарға арналған мемлекет­тік бағ­дар­ламасын қабылдады. Аталған бес жыл­дықта бағдар­ламаны іске асыру үшін 11,5 млрд теңге қаржы бөлу көзделді.

Ғұлама ғалым әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген екен. Сол сияқты Елбасының жүргізген сындарлы саясатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде лайықты жалғастырып келеді. Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, ең­бектің дәуірі» деген болатын. Мем­лекет басшысы айтпақшы, біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуы­на білек түріп белсене кірісетін кезең.

Білім беруді және ғылым­ды дамы­тудың 2016-2019 жыл­дарға арнал­ған мем­лекет­тік ба­ғдар­ла­масының қоры­тын­­­ды­лары қойылған мақсаттар мен мін­­­дет­тер­дің 93,4%-ға орын­дал­­ға­нын көр­се­теді. Ендігі кезекте бекі­­тілген Қазақ­­стан Рес­пуб­ли­­ка­­сында білім беру­ді және ғылым­­ды дамытудың 2020-2025 жыл­­­дарға арналған мемлекет­тік бағ­­дар­­ламасы бойынша орын­далғ­ан мін­дет­тердің пайыздық үлесі жоғары болатын­дығына сенім мол.

Біз жоғарыда сөз еткен ғылым сала­сындағы жетістіктер Елбасы жүр­гізген салиқалы сая­саттың же­місі. Олай болса, Нұрсұ­лтан Әбіш­ұлының еліне сіңір­ген еңбегі­нен жас ұрпақ, жас көш­бас­шылар үлгі алуы тиіс деп есептеймін.

Рахымжан ЕЛЕШОВ,

ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер

Бөлісу:
Елбасы және Қазақстан ғылымы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар