Саясат
2 мин оқу 154

Еңбек адамының таңдау құқығын сақтау маңызды

<p style="text-align: justify;">Келер жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлаудағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы (ҚРКФ) байқаушылары республикалық штабының бірінші отырысының қорытындылары бойынша брифинг өтті.</p>

Еңбек адамының таңдау құқығын сақтау маңызды

ҚРКФ байқаушылары респуб­ликалық штабының төрағасы – Кә­сіп­одақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев 26 қара­ша­дағы жағдай бойынша ҚРКФ мен оның мүшелік ұйымдарынан 5 762 тәуел­сіз байқаушы тіркелгенін, олар да­уыс беруді республика бойынша 3 726 сай­лау учаскесінде бақылайтынын атап өтті.

– Қазақстан Республикасы Кәсіп­одақ­тар федерациясы атқару комите­тінің 6 қарашадағы шешімімен кәсіп­одақтар сайлау процесіне байқаушылар ретінде қатысады. Біз алдымызға екі мін­дет қойдық – ұзақ мерзімді және қыс­қа мерзімді. Біріншіден, біз үшін азаматтардың өз таңдауын жасау еркін­дігі жұмыс берушілер өкілдерінің тара­пынан қандай-да бір қысыммен бұзыл­мауы маңызды. Екіншіден, біз сайлау процесінің елдің заңнамасына сәйкес өтуін байқаймыз, – деп атап өтті ол.

Республикалық штабтың мүшесі – «Мем­лекеттік, банк мекемелері және ха­лыққа қызмет көрсету қызмет­керлерінің қазақстандық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орын­басары Атақозы Нұрланов аталған салалық кәсіп­одақтың Кәсіп­одақтар Федера­циясының ең ірі мүшелік ұйымдарының бірі және әрқа­шан елдегі ең маңызды ішкі саяси процестердің алдыңғы қатарын­да еке­нін жеткізді. Оның айтуын­ша, қазіргі кезде салалық кәсіп­одақ, оның филиал­дары мен жергілікті кәсіп­одақ ұйым­дарының мүшелері байқау­шы­лардың облыстық және аумақтық штабының құрамына кірді.

– Ынтымақтастыққа негізделген әлеуметтік әріптестерімізбен бірлескен жұмыс бізге еңбек адамының сайлау бос­тандығына конституциялық құқы­ғы сияқты негізгі демократиялық құн­ды­лықтарды сақтауда айтарлықтай жетіс­тіктерге жетуге мүмкіндік береді, – деді А.Нұрланов.

Өз кезегінде Республикалық штаб­тың мүшесі – «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің сала­лық кәсіподағы» ҚБ төрайымының орын­басары Әлия Әбиева журналистерге аталған салалық кәсіподақтың ҚРКФ-ның ірі мүшелік ұйымдарының бірі екен­дігін, оның мүшелері де байқау­шы­­лардың республикалық және аймақ­тық штабтарының құрамына кірге­нін айтты.

– Біздің салалық кәсіподақ Кәсіп­одақтар федерациясының сайлау күні сайлау процестерінің ашықтығын ба­қылауды қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдайды. Біз сайлаудың ашық, еркін және демократиялық түрде өтуі үшін байқаушылар ретінде бұған ықпал етеміз, – деді Әлия Әбиева.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық штабының мүшесі – «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыс­кер­лерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ елордалық филиал төрағасы Руслан Сатыбалдиевтің айтуынша, астанадағы 248 сайлау учаскесінде сайлау барысын жүзден астам кәсіподақ мүшесі бақылайтын болады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ай­мақ­тық штабының мүшесі, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық  кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Зейнегүл Базанова болса, сайлау нау­қанына алғаш рет байқаушы ретінде қатысатынын мәлімдеді. Бүгіннен бастап Кәсіподақтар федерациясы аумақтық байқаушылар штабының мүшелері үшін бірқатар онлайн-оқыту семинарларын өткізеді.

Еске салайық, Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жар­лығымен Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді.

Бөлісу:
Еңбек адамының таңдау құқығын сақтау маңызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар