Аймақтар
1 мин оқу 280

Алматы облысында газ баллон жарылды

<p style="text-align: justify;">26 қарашада кешкі сағат 20.00 шамасында Алматы облысы ТЖД кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.&nbsp;</p>

Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Алайда  тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады.

Жарылыс салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері, 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеді. Сонымен қатар зардап шегушілердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-ның екі психолог маманы жұмылдырылды.

ҚР ТЖМ азаматтардан газ баллондарын пайдалану және қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Алматы облысында газ баллон жарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар