Аймақтар
1 мин оқу 550

Атырауда инспекторға "қызыл" балық беруші ұсталды

<p style="text-align: justify;">Атырауда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қалалық пробация қызметінің инспекторына пара ретінде "қызыл" балықты бермек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда инспекторға "қызыл" балық беруші ұсталды

Бұған дейін күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотталған екен. Алайда пробация қызметінің инспекторы кешкі мезгілде тексере келгенде сотталған адам  үйінде болмаған.

«Осы құқық бұзушылық оның жеке ісіне тіркелетіндіктен, сотталған ер адам инспекторға бекіре тұқымдас бағалы балықты пара ретінде беруге тырысқан. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» деп хабарлады департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда инспекторға "қызыл" балық беруші ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар