Қазақстан
1 мин оқу 520

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Qazaqstan" телеарнасына сұхбат берді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Түркістан: көне мен келешек көпірі&raquo; деректі фильмі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың &laquo;Қазақстан&raquo; республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді.</p>

Фильмде Елбасы облыс мәртебесіне ие болған Түркістан қаласының қайта жаңғыруы, тарихи шешімнің мәні мен маңызы, көне шаһардың туристік әлеуеті мен халықаралық аренадағы беделі, қаланың келешек жоспарлары туралы жан-жақты баяндайды.

Сонымен қоса Н.Назарбаев телеарнаға берген сұхбатында Түркістанның Орталық Азиядағы және түркі әлеміндегі орны, «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасы, «Керуен-сарай» көпфункционалдық туристік кешенінің әлеуеті, қала аумағын көгалдандыру және Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жобаларының нәтижесі мен олардың азаматтардың әл-ауқатын жақсартудағы ықпалы туралы туралы айтады.

Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан 1 желтоқсан сағат 20:00-де эфирге шығады.

Бөлісу:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Qazaqstan" телеарнасына сұхбат берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар