Әлем
1 мин оқу 1,730

Коронавирустың тағы бір жағымсыз зардабы анықталды

<p style="text-align: justify;">АҚШ-та коронавирустан емделіп шыққан бірнеше адам тістерінің еш ауырмай түсе бастағандығын айтып шағымдануда. Кейбіреулерінің қызыл иектерінің сезімталдылығы артып, тісттің қарайуы мен ыдырауы орын алған.</p>

Қазір ғалымдар емдеу шаралары аяқталғаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болаған маңызды белгілерді зерттеп жатыр.

Американдық ангиогенез қорының президенті Уильям Ли пайымдауынша: «тістің түсуі ACE2- жасушалық рецепторымен байланысты - коронавирус тістің жүйке ұштарына және қызыл иектің тамырларына әсер етуінде».

Өз кезегінде Калифорниялық ортопедиялық стоматолог Майкл Ширер: мұндай реакция вирустың ағзаға енуіне қарсы қорғаныс механиздерінің көрінісі болуы мүмкін екендігін жеткізді.

Әзірге дәрігерлер тістің түсуі ерекше көрініс екендігін, дегенмен, КВИ-дың басқа күтпеген жағымсыз әсерлерінің болу мүмкіндігін ескертті.

Бөлісу:
Коронавирустың тағы бір жағымсыз зардабы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар