Түркістандықтар әскери-патриоттық жиында жүлделі орынға ие болды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">«Айбын – 2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Екі айға созылған жиынға 585 адам қатысып, онлайн-форматта 39 команда жарысты. Қатысушылар жиын барысында әскери қолданбалы спорт түрлерінен, интеллектуалдық және шығармашылық сипатта өзара сайыс өткізді.
Жарыстың қорытындысына сәйкес, республикалық сайыста Түркістан облысы, Арыс қаласының «БАРЫС» əскери-патриоттық клубы жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Үздік жас сарбаз» номинациясын осы команданың мүшесі Әбдібек Қуаныш иеленді. Жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, конкурсанттарға шараға қатысқаны туралы сертификат табыс етілді.
Айта кетейік, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2020 жылдың қорытындысы бойынша тəртіп жағынан елімізде ең үздік департамент атанды.