Футбол
1 мин оқу 140

Тәжікстаннан да төмен тұрмыз

<p style="text-align: justify;">Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың қараша айына арналған рейтингі жарияланды. Жаңартылған рейтингте Қазақстан үш саты төмен сырғып, Тәжікстан құра&shy;масынан кейінгі 122-орынға жайғасты.</p>

Тәжікстаннан да төмен тұрмыз

Жалпы, өткен айдағы рейтингпен салыс­тырар болсақ, көш басындағы құрамаларда аса қатты өзгеріс жоқ. Бірінші орынды әдеттегідей 1780 ұпаймен Бельгия құрамасы иеленіп тұр. 2018 жылғы әлем чемпиондары – Франция (1755) екінші, Бразилия құрамасы (1743) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы осы айда Ұлттар лигасында екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалған болатын. Алғаш сырт алаңда Албаниядан 3:1 есебімен жеңілсе, өз алаңымызда өткен матчта Литвадан 2:1 есебімен ұтылды. Сөйтіп Ұлттар лигасының С дивизионында төрт ұпай жинап, соңғы орында қалып қойды.

Айта кетейік, өткен айдағы рейтингте жерлестеріміз бір саты төмендеген болатын.

Бөлісу:
Тәжікстаннан да төмен тұрмыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар