Өнер
2 мин оқу 340

Қиялшыл ханымдардың қолтаңбасы

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік орталық музейде &laquo;Таң-Шолпан&raquo; халық&shy;аралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының онлайн-көрмесі ашылды. 1998 жылы құрылған шығармашыл ханымдардың өнер бірлестігі осыдан 22 жыл бұрын &laquo;Тенгри Умай&raquo; галереясымен өнер әлеміне қанат қаққан еді.</p>

Қиялшыл ханымдардың қолтаңбасы

Арадағы үлкен үзілістен кейін аталған қор былтыр өзі­нің шығармашылық қыз­метін қайта бастады. Осы уа­қыт ішінде өмірін өнермен ұш­тас­­тырып, қуанышын қыл­­қа­ламнан тапқан ханымдар шығармашылық және ұйым­дастырушылық жұмыста жаңа тәжірибе жинап, кәсіби өсу кезең­дерінен өтті. Бүгінгі таңда Қорда Қазақстан, Өзбекс­тан, Түркіменстан, Тәжік­стан, Қыр­ғызстан, Аустрия, Гер­ма­ния, Канада, АҚШ, Түркия елдерінің кәсіби көркемөнер саласында жоғары білімдері бар кескіндеме, графика, сән­дік-қолданбалы өнер, мүсін сияқ­ты түрлі өнер саласында жұмыс іс­тейтін, басқа да елдердің кә­сіби суретшілері бар. Көрме үнемі жаңа бағыттарды, фор­маның, пластика мен ком­по­зицияның мәнерлілігін, өзі­нің көркем тілін іздеп жүрген та­лантты жас суретшілердің шы­ғармашылығын көрсетеді.

«Таң-Шолпан» қорының президенті суретші Жәмила Тәкеннің пайымынша, нә­зік жанды суретшілердің шығар­машылығы тек өз тұтастығы мен даралығын сақтай білумен шектелмейді. Өзін құрметтеуге және сүюге терең мән бергізіп, үйлесімді өмір сүру қабілетін қуаттай түседі. Сонымен бірге әйел – суретші-шебер, жа­сам­паз, креативті ойлайтын және өмірге өзіндік әсермен қарайтын, барлық қиялдары, ойлары мен тәжірибелерін өз шығармашылық жұмысында бейнелейтінін түсінуге және мойындауға ынталанады.

– Биыл әлемде болып жат­қан оқиғалар адамдардың өміріне әсер етті. COVID-19 пан­демиясына байланысты біз өмірге деген көзқарасымызды өзгерттік, құндылықтарды ба­ғалауды үйрендік, әлем бас­қаша кейіпке енді. Адамзат өмір салтын түбегейлі өзгертті, біз дамудың жаңа кезеңін бас­тан өткеріп жатырмыз және бұрынғыдай өмір сүру мүмкін емес. Тұйық кеңістікте болуды үйрендік, онлайн оқыту, лок­дау­н және тағы басқалардың не екенін білдік. Біз өзгердік. Біз әдеттегіден әдемі көруді және бағалауды үйрендік. Өміріміз бен шығармашылығымыз жал­ғасуда. Суретші әйелдер өмірінің, оқиғалардың, бү­кіл іш­кі әлемінің өзгеруі – осы­­ның бәрі аталған көр­меге қа­ты­сушылардың шығарма­шы­лы­ғында бар, – дейді Жәмила Тәкен.

Арманшыл ханымдардың қиялына қанат бітірген онлайн-көрмеге 100-ге жуық үздік кес­­кіндеме және графикалық жұмыс, сәндік-қолданбалы өнер туындысы қойылған. Олар­­дың қатарында әлем жә­не Қазақстан бейнелеу өне­ріне өз соқпағын салуға тал­пын­ған Сәуле Бапанова, Әсия Хайруллина, Раушан Базар­баева, Жәмила Тәкен, Гүл­жамал Тағенова, Гүлжанат Қа­би­жанова, Дилором Мамедова (Өзбекстан), Роза Жанғарачева (Қырғызстан), Галина Швайгер (Германия), Марлис Лепичник (Австрия), Әйгерім Ронахер (Австрия), Лейла Ахмет-Осман (АҚШ) сынды дарынды сурет­шілер бар.

Бөлісу:
Қиялшыл ханымдардың қолтаңбасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар