Оқиға
1 мин оқу 420

Жамбылда қар құрсауында 51 адам қалып қойған

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті 51 адамды қар құрсауынан құтқарғанын хабарлайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

28 қарашада сағат 13:25 минутта Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Республикалық маңызы бар "Алматы-Термез-Ташкент" автожолында (576-593 шақырымында) ТЖД-ның 5 қызметкері мен 2 дана техникасы қар құрсауында қалған 21 автокөлікті шығарды. Ондағы 51 адам құтқарылды. Оның ішінде 12 бала бар. Үш адам, оның ішінде екі бала басқа орынға көшірілді. Бұл туралы департаменттің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Автожолдардың тазартылған учаскелеріне 21 жеңіл автокөлік сүйреп шығарылды.

Ведомство өкілдері жүргізушілерге абай болуын айтып, бұрқасын, тұман, көктайғақ туралы SMS хабарлама алған жағдайда мүмкіндігінше жолға шықпауға кеңес берді. 

Бөлісу:
Жамбылда қар құрсауында 51 адам қалып қойған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар