Коронавирус
1 мин оқу 510

Коронавирус инфекциясы анадан балаға тікелей беріле ме?

<p style="text-align: justify;">Сингапурда жүктілік кезінде коронавируспен ауырған жергілікті тұрғын, ағзасында вирусқа қарсы антиденелері бар ұлды дүниеге әкелді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Коронавирус әйелде жүктіліктің 10-шы аптасында анықталған. Әйел індеттің жеңіл түрімен ауырып, 2,5 аптадан кейін ауруханадан шыққан. Ұлы болса COVID-19 қарсы қорғаныс иммунитетімен туылған.

«Бұл өте қызық жағдай. Менің COVID-19-ге қарсы антиденелерім жоғалып кетті, бірақ менің ұлымда бар. Дәрігерім жүктілік кезінде ұлыма антиденелерімді бергенімді жобалайды», - дейді әйел.

Сарапшылар коронавирус инфекциясының анадан балаға тікелей берілуі әлі дәлелденбегенін айтуда. Дәрігерлер нәресте ағзасында бір жылға дейін болатын антиденелер әрқашан туылған кезде анадан балаға берілетінін атап өтуде.

Бөлісу:
Коронавирус инфекциясы анадан балаға тікелей беріле ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар