Аймақтар
1 мин оқу 195

Атырауда инфекциялық стационарларда 89 науқас жатыр

<p style="text-align: justify;">Атырауда инфекциялық стационарларда 89 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда инфекциялық стационарларда 89 науқас жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 17 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алды.

«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың үшеуі Атырау қаласында тіркелген.  Сондай-ақ  Теңіз кенішінде 11 жұмысшыдан, Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандарында үш  адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталды. Науқастардың алтауында ауру симптомды түрде өтіп жатыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте үй жағдайында ем алған 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Қазір үй жағдайында 153 адам емделуде. Ал облыстық инфекциялық стационарда 36 науқас, аудандардғы инфекциялық стационарда 7, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 46 адам ем қабылдап жатыр.

Бөлісу:
Атырауда инфекциялық стационарларда 89 науқас жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар