Аймақтар
1 мин оқу 1,440
Қараусыз жылқы иесін қапы қалдырды
<p style="text-align: justify;">СҚО Тайынша ауданында қараусыз жүрген бір табын жылқының бірін «МАЗ» жүк көлігі соғып, мерт қылды. Оқиға «Петропавл-Көкшетау» трассасындағы «Обухово» селосының түбінде болған. Жүргізуші оқиғаны дереу «102» номеріне хабарлаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жедел жеткен патрульдік полиция көп кешіктірмей жылқының иесін де анықтады. Енді оған жылқысынан айрылған ғана емес, малын қараусыз жібергені үшін айыппұл да салынатын болады.
Жыл басынан бері мұндай оқиға СҚО-да жүз шақты рет болып, 300-дей адамға (оның ішінде бақташы да бар) айыппұл салынған. Малды соғыу барысында екі адам жарақат алған.
Бөлісу: