Хоккей
1 мин оқу 163

«Спартактан» басым түсті

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы тұрақты біріншіліктің өз ала&shy;ңында өтетін ойындар сериясын сәтті бастады. &laquo;Барыс Аренадағы&raquo; матчта жерлестеріміз Мәскеудің &laquo;Спартак&raquo; клубынан айласын асырып кетті.</p>

«Спартактан» басым түсті

Нұр-Сұлтандағы бәсекеде Юрий Ми­хайлис шәкірттері бес ойынға созылған сәтсіздік серия­сына нүкте қойып, өздері де, жанкүйерлері де тағатсыздана күткен алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бірінші кезеңнің 13-минутында «Барыс» сапынан Кертис Волк есепті ашып, командасын алға шығарды. Екінші кезеңді жоғары көңіл күйде бастаған жерлестеріміз ойын тізгінін қолдарына алып, 37-минутта есепті еселей түсті. Бұл жолы Якоб Лилия жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

Үшінші кезеңде есеп айырмасын қыс­қартуға барын салған мәскеулік команда кезеңнің аяқталуына санаулы уақыт қал­ғанда дегендеріне жетті. 55-минутта Йори Лехтерядан пас алған Сергей Широков «Барыс» қақпашысы Хенрик Карлссонды қапы қалдырды. Қалған бес минутта командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Нәтиже­сінде елорда командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Тұрақты біріншіліктің турнир кестесінде «Барыс» 27 ойыннан кейін 27 ұпаймен 9-орында келеді. Жерлестеріміз келесі кездесуін бүгін Сочидің «Сочи» командасымен өткізеді.

Бөлісу:
«Спартактан» басым түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар