"Бектас-Қоныс" кен орнындағы өрттен үш жұмысшы көз жұмды
<p style="text-align: justify;">ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы мерт болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Жатақхананың жалпы аумағы - 2500 шаршы метр. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді. Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрттен 19 шақырым қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, "ПОЖМонтажҚұрылыс" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты", делінген хабарламада.