Аймақтар
1 мин оқу 240

Сотталғандар арасында Тұңғыш Президент күніне мереке ұйымдастырылды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі шаруашылық жасағындағы сотталғандар арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай жаппай мәдени іс-шара өткізілді. Бұл мереке халық бірлігінің, Елбасына деген құрметтің символы болып табылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Сотталғандар арасында Тұңғыш Президент күніне мереке ұйымдастырылды

Концерттік бағдарламаның ашылуы ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Азат Орынбасаровтың құттықтау сөзімен басталды.

Мерекелік іс-шараға сотталғандар өздерінің концерттік бағдарламасын дайындап, оған барлық сотталғандар белсенді қатысып, "Ақиқат", "Маскүнем", "Елім менің аңсаған", "Диско из 90-х", "Ана", "Үйленем" сияқты өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Сотталғандар өз өнерлерін көрсетті, мерекелік суреттер салынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы сұрақтар мен викториналар болды. Іс-шараның ортасында Елбасы туралы бейнематериал көрсетілді. Сондай-ақ сотталғандарға ойын-сауық ойындары, КТК, көңілді билер мен флешмобтар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты әлеммен әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау, сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды қолдау болып табылды.

Бөлісу:
Сотталғандар арасында Тұңғыш Президент күніне мереке ұйымдастырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар