Аймақтар
1 мин оқу 160
Алтайлық аналар баспаналы болды
<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президенті күні Алтай ауданының көпбалалы отбасылары баспаналы болды, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов алты көпбалалы отбасыларға жаңа үйдің кілтін табыстады.
Аудан басшылығы жаңа пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, еңселі үй салған құрылысшыларға алғысын білдірді. Баспаналы болған көпбалалы аналар да ризашылықтарын жеткізді.
- Бүгін біз үшін ерекше күн. Мереке күні баспаналы болдық. Біздің енді өз үйіміз бар. Жаңа үйге қоныстанған көпбалалы аналардың атынан аудан басшылығына зор алғысымызды білдіреміз, - деді Альмира Кузнецова.
Алтай ауданы
Бөлісу: