Атырауда 8 қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Атырауда салынып жатқан 8 қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өрт 12 минутта сөнірілген.
«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласының Сейфуллин көшесіндегі тұрғын үй кешенінің 3-ші қабаты өртенгені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 30 шаршы метрлік бөлмеде жылу электр құрылғылары мен пластикалық терезенің өртенгенін анықтады. Жалынды сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 12:04-те оқшаулап, сағат 12:07-де сөндірілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алдын ала болжамға сәйкес өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.