Қоғам
1 мин оқу 300

Экскурсия сабағына қатысты

<p style="text-align: justify;">Облыстық тарихи-өлкетану му&shy;зейінде Тұңғыш Президентке ар&shy;налған экспозиция бар. Онда Тұң&shy;ғыш Президент &ndash; Елбасы Нұр&shy;сұлтан Назарбаевтың мемлекет басқару, тәуелсіздік алғаннан бері Қа&shy;зақстанды әлем таныған ел ре&shy;тінде қалыптастыру кезеңіндегі қайрат&shy;керлігі мен ерен еңбегі туралы тари&shy;хи, деректі құжаттар түріндегі құн&shy;ды жәдігерлер қойылған. Облыс&shy;тық полиция департаментінің жас мамандары аталған музейде ұйым&shy;дас&shy;тырылған экскурсиялық сабаққа қатысты.</p>

Экскурсия сабағына қатысты

– Тұңғыш Президент күніне орай өткен шараның басты мақсаты – жас мамандарды отаншылдыққа, жауапкершілікке, бастамашылдыққа тәрбиелеу. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоға­ры адамгершілік қасиеті, мемлекет­шілдігі мен табандылығы әр жасқа үлгі-өнегеге айналды. Тәуел­сіз Қазақстанның әлеуметтік-эко­но­ми­калық, құқықтық тұрғыда өр­кендеуіне үлес қосқысы келетін әр қызметкердің бойынан осындай қасиеттер табылса, еліміздің болашағы бүгінгіден де жарқын болары анық, – дейді департамент бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділхан Байдосов.

Оның айтуынша, экскурсиялық сабақ барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, саясаткерлігіне арналған экспозиция таныстырылды. Әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің еліміздің дамуына сіңірген еңбегі туралы кеңінен айтылды.

Атырау облысы

 

Бөлісу:
Экскурсия сабағына қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар