Елордада 6 желтоқсанда қоғамдық көліктер жүрмейді
<p style="text-align: justify;">Алдағы жексенбі, 6 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
City Transportation Systems (CTS) компаниясының ақпаратына орай, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
"Дүйсенбі, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Барлық өзгерістер туралы ресми парақшамыздан біле аласыз. Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", деп атап өтеді компаниядан.