Қызылордада зауыттан қымбат вольфрам құрылғыларын ұрлаған азамат сотталды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының тұрғыны сот үкімімен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол өткен жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы зауыттардың бірінен жалпы құны 3 млн 100 мың теңге тұратын 11 дана вольфрам өзектерін ұрлап, оқиға болған жерден ізін суытқан.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталған күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жасаған қылмыстық әрекетін мойындамаған. Дегенмен Қызылорда қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі полиция аға лейтенанты Нұржан Өмірзақтың кәсіби біліктілігі мен тағайындалған сот-сараптамаларының қорытындылары күдіктінің қылмыстық іс-әрекетін толығымен дәлелдеді.
Осылайша, қымбат вольфрам өзектерін ұрлаған күдікті заңға сәйкес жазасын алды.