Аймақтар
1 мин оқу 1,041

Елордалық азамат тұрғын үйдің кіреберісінен суреттер ұрлаған

<p style="text-align: justify;">Елордада тұрғын үйдің кіреберісінен суреттер ұрлаған азамат ұсталды, &ndash; деп хабарлайды&nbsp; Polisia.kz.</p>

Полицияға “Манхэттон” тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан белгісіз біреудің бірінші қабаттағы үйдің кіреберісінен ұзақ уақыт бойы тұрғындар мен олардың қонақтарының көңілінен шыққан суреттерді ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қабылдаған іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен елорданың 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Жас жігіт кінәсін мойындап, одан айғақ заттар алынды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Елордалық азамат тұрғын үйдің кіреберісінен суреттер ұрлаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар