Атырауда 109 қызметіне 401604 тұрғын жүгінді
<p style="text-align: justify;">Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, "Жедел желі" түріндегі бірыңғай байланыс орталығына 401604 тұрғын хабарласып, әртүрлі мәселе бойынша кеңес алыпты. Мұнда 16 оператор мен 8 диспетчер төрт ауысыммен тәулік бойы қызмет көрсетеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Атырау облысының әкімдігі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын коммуникацияның жаңа құралдарын қолдану арқылы белсенді түрде жүзеге асыруда. Қазір бірыңғай байланыс орталығының мамандары тұрғындар өтінішін "109" қысқа нөмірі, WhatsApp чат-бот, облыс әкімдігінің сайты (өтініштер қабылдау виджеті), 109@scatyrau.kz электронды поштасы және (atyrau109) Telegram чат-бот, сондай-ақ, байланыс орталығының арнайы мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды", деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.