Спорт
1 мин оқу 160

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпиоанаты өтеді

<p style="text-align: justify;">14-19 желтоқсан аралығында Алматыдағы &laquo;Алматы Арена&raquo; спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.&nbsp;</p>

Турнирде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталады. Атап айтар болсақ, жарысқа жүз адамнан артық қатыстырылмайды. Сондай-ақ, індеттің алдын алу мақсатында залға көрермендер жіберілмейді.  Әрбір командада 12 спортшы, 4 бапкер және 1 төреші болуы міндетті. Тек қана Алматы мен Нұр-Сұлтан командаларының құрамы 16 адамға дейін кеңейтілген. 

Айта кетелік, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. 

Бөлісу:
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпиоанаты өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар