Жаңалықтар
1 мин оқу 660

КЕДЕНДІК ШЕКАРАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Қырғыз Республикасы аума­ғын­дағы болып жатқан саяси тұрақсыздыққа байланысты Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті тарапынан арнайы бұйрықпен кеден шекарасы аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қолға алынып, бірқатар жұмыстар атқарылуда.

<!--more-->Нақты айтар болсақ, департа­мент бастығының міндетін атқарушы Ерқабыл Қожбанов­тың бұйрығымен Жамбыл облысы аумағындағы кедендік бақылау аймақтарына департа­мент­тің контрабандаға қарсы күрес басқармасы, ішкі қауіп­сіздік бөлімінің қызметкерлері, Қазақ­стан Республикасы ҰҚК шекара қызметі мен басқа да құқық қорғау органдарымен бірі­ге оты­рып, “Қордай”, “Сыпа­тай ба­тыр”, “Айша бибі” кеден бекет­тері мен оларға қарасты бақы­лау-өткізу пункт­терінде жедел-бөгеу шараларын жүргізуде.

Қырғызстандағы шиеленісті жағдайды бас пайдасына жара­тып қалуға тырысушылар да жоқ емес. 9 сәуірде “Қордай” кеден бекетінде Әзірбайжан Республи­касының азаматын тексеру кезін­де кедендік ресімделмеген 317 дана техникалық алмас тас, 1 су тасы және моншақтар табылған. Сондай-ақ, сол күні Қырғыз Рес­публикасынан Қазақ­стан Рес­публикасына бет алған азаматша кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрі бойынша заңнамаларды бұза отырып, алтыннан жасалған 7 дана алқа, 9 дана әйелдер сақинасы, 1 дана ерлер сақинасы, 4 пар сырға және 5 дана алтын білезік пен кулондарды алып өтпек болған жерінде құрықталды.

Бұл фактілер бойынша еліміз ҚК-нің 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы орындарға жолданды. Кедендік шекарадағы қауіпсіздік шаралары одан әрі қатаң қадағалауға алынуда.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.

Бөлісу: