Шымкентте 2 агро-индустиалды аймақ құрылады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету керектігі айтылды. Шымкентте осы бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймағын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингте мәлімдеді.
– Біріншісі – аумағы 136 гектар жерге заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу бойынша 28 жобаны іске асады. Екіншісі – "Бозарық" тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Спикердің айтуынша, "Бозарық" тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобалар жүзеге асады деп жоспарланған.