Бизнес
1 мин оқу 140

Шымкентте шағын және орта бизнеске бөлінетін қаржы екі есеге ұлғайды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы шаралар қабылданып, 26 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі мүлік және табыс салықтарынан босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифинг кезінде баяндады.

– Қалада кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін 1 482 субъектінің 13 млрд теңге несие төлемдерін кейінге қалдыруға қолдау көрсетілді. Қазір қала бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,4 пайызды құрап отыр, – деп көрсетті Мұрат Әйтенов.

Сонымен қатар, биыл "Бизнестің жол картасы-2025" аясында бөлінетін қаржыны 2 есеге ұлғайтып, 5,4 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

Айта кетейік, қалада 72 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 160 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бөлісу:
Шымкентте шағын және орта бизнеске бөлінетін қаржы екі есеге ұлғайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар