Аймақтар
1 мин оқу 130

Петропавл полициясы дүкеннен арақ ұрлаған тұрғынды ұстады

<p style="text-align: justify;">Петропавлдың полициясына Кошуков көшесіндегі азық-түлік дүкендерінің бірінен белгісіз жас жігіттің үш шиша арақ пен басқа да заттар салынған екі пакетті ашық түрде ұрлағаны туралы дабыл түскен. Ол қарапайым сатып алушы болып дүкенге кіріп, екі пакет зат алған. Ал сатушы келесі тауарды алу үшін бөлменің түкпіріне кеткенде, пакетін алып, белгісіз жаққа қаша жөнелген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Петропавл полициясы дүкеннен арақ ұрлаған тұрғынды ұстады

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері жарты сағат ішінде бейнекамераға түсіп қалған және сатушы сипаттаған адамға ұқсайтын жігітті ұстады. Ол Шал ақын ауданының 31 жасар тұрғыны болып шықты. Полицейлер ұстаған кезде ол дүкеннен ұрлаған ащы суға лық тойып, мас күйде болған. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Петропавл полициясы дүкеннен арақ ұрлаған тұрғынды ұстады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар