Әлем
1 мин оқу 142

Пандемия шығындарын байлар төлейді

<p style="text-align: justify;">Аргентина ел&shy;&shy;дегі ең бай аза&shy;мат&shy;&shy;тарға дәрі-дәр&shy;мек пен пандемия жағ&shy;дайында ен&shy;гізілген шаралардың шығынын тө&shy;лету үшін жаңа салық түрін қабылдады.</p>

Се­на­торлар бір реттік «миллионер салығын» 26 қарсы дауысқа 42 депутаттың қолдауымен өт­кізді. Жаңа заң 200 млн песо, яғни 2,5 млн дол­лардан асатын активтері бар азаматтарға қа­тысты. Бұл салықты шамамен 12 мың адам тө­леуге мәжбүр болады. Елде 1,5 млн-ға жуық адам вирус жұқтырып, оның 40 мыңға жуығы қай­тыс болған. 45 млн халқы бар ел үшін бұл ауыр соққы болды. Карантин шаралары елдегі онсыз да жұмыссыздық, кедейлік, үкіметтің қа­рыздарымен құрдымға кеткен экономиканы одан әрі құлдыратып жіберген. Жалпы, Арген­ти­на экономикасы 2018 жылдан бері рецессияда.

Жиналған қаражаттың 20%-ы дәрі-дәр­мек­ке, 20%-ы шағын және орта бизнес­ке, 20%-ы сту­дент­тердің стипендиясына, 15%-ы әлеуметтік жо­ба­ларға, ал қалған 25%-ы та­биғи газ өндіретін кә­сіп­орындарға жұмсалады.

Бөлісу:
Пандемия шығындарын байлар төлейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар