Теннис
1 мин оқу 221
Жасөспірімдер додасы аяқталды
<p style="text-align: justify;">Елордада теннистен жасөспірімдер арасында J3 Nur-Sultan Open додасы өз мәресіне жетіп, Халықаралық теннис федерациясы мен Қазақстан теннис федерациясы бірлесе ұйымдастырған жарыстың жеңімпаздары анықталды.</p>

Қыздар арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының өкілі Татьяна Николенка топ жарды. Финалда ол командаласы Аружан Сағындықовадан 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Ал жасөспірім ұлдар арасында ресейлік Михаил Горохов отандасы Максим Жуковпен жарыстың бас жүлдесін сарапқа салды. Нәтижесінде, қарсыласына қарағанда ептілік танытқан Горохов 6:1, 6:2 есебімен жарыс жеңімпазы атанды.
Бөлісу: