Оқиға
1 мин оқу 551

Мектеп музейлеріндегі тиімді тетіктер

<p style="text-align: justify;">Ұлттық музейде Нұр-Сұлтан қала&shy;сы бойынша мектеп музейлерінің же&shy;тек&shy;шілеріне &laquo;Оқу-тәр&shy;бие үрдісінде мек&shy;теп музейлерін тиім&shy;ді пайдалану&raquo; та&shy;қы&shy;рыбында алғаш&shy;қы қалалық семинар өтті.</p>

Мектеп музейлеріндегі тиімді тетіктер

Шараның мақсаты – мектеп музейлерін дамыту жолдарын және оларды оқу үр­дісінде пайдаланудың тиімді тетіктерін ұсыну.

Семинар мектеп му­зей­лері мамандарының кәсі­би құзыреттілігін же­тіл­­діру және тәжірибе ал­ма­су мақсатында ұйым­дас­ты­рылып отыр. Өткеннен қалған тарихи-мәдени құн­дылықтарымыз жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналуы тиіс.

Жиын барысында Қа­зақстан Республикасы Ұлт­тық музейінің қор сақ­тау, экскурсиялық, мәдени-білім беру және ғылыми-зерт­теу қызметі мамандары мен Нұр-Сұлтан қаласы әкім­­дігінің «Балалар мен жас­өс­пірімдердің туризм және өлке­тану орталығы» МКҚК, сондай-ақ елордалық мектеп му­зейлерінің жетек­шілері баян­дама жасап, оқу-тәрбие үрдісінде мектеп му­зейлерін тиім­ді пайдалану тақырыбы ая­сында өзекті ойларын ортаға салды.

Тәжірибе алмасу мақ­са­тында семинарға әлем­ге әйгілі археолог, тарих­шы жә­не реставратор Тать­яна Ни­колаевна қаты­сып, Ұлт­тық музейдің тіке­лей қолдауымен ұйым­дас­­тырылған іс-ша­ра­ның маңыз­дылығына тоқ­талды. Аус­трия, Италия, Да­ния, Армения, Әзербайжан, Өз­бекстан, Түрікменстан, Ре­сей елдерінде өткен ғы­лыми форумдардың қаты­сушысы, жүзден астам ғы­лыми еңбек пен басылым­ның авторы му­зей қызметін дамыту мә­се­­лелері мен жаңа әдістері ая­­сында тың идеяларымен бөлісті.

Жиын соңында музей жұ­мысында туындаған мә­селелер зерделеніп, семи­нар­ға қатысушылардың озық тә­жірибелерін қол­дану ар­қылы, мектеп му­зей­лерінің жұмысында жа­ңа әдіс-тә­сіл­дері мен мек­теп музейлері қыз­метін же­тіл­діру жөнінде ұсы­ныс­тар қа­­был­данды.

Сонымен қатар аталған семинардың белсенді қаты­су­шылары арнайы сертификаттармен марапатталды.

Бөлісу:
Мектеп музейлеріндегі тиімді тетіктер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар