Қоғам
1 мин оқу 366

Қиындыққа мойымаған жан

<p style="text-align: justify;">Геолог ауылдық округінің &laquo;Бірлік&raquo; шағын ауданында тұратын Әлия Исимова бұрын базарда сауда жасаған екен. Кейін ауырып, арбаға таңылыпты. Бірақ өмір сүруге құлшынысын жоғалтқан жоқ.</p>

Қиындыққа мойымаған жан

Соңғы бес жылдан бері балалар киімін тігетін шеберхана ашып, жұ­мы­сын табысты жүргізді. Ол осы жылдар ішінде Ауыл шаруашылығын қар­жылай қолдау қорынан жобасын қаржыландыру үшін төрт рет қар­жы алды. Тігін машинкасынан ісін бас­та­ған мүмкіндігі шектеулі жан қазір то­ғыз адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Биыл біз шеберханамызды ке­ңей­­туді көздедік. Сол мақсатқа 6 млн теңге несие алдық. Маусым айында қосымша құрылыс салуды аяқ­тадық. Карантинге байланысты жаңа жаб­дық­ты сатып ала алмай отырмыз. Алайда бұл мәселе жақын арада ше­ші­мін табарына сенемін, – дейді тағ­дыр­дың қиындығына мойымаған Әлия Исимова.

Оның айтуынша, карантин ке­зін­де оның шеберханасына тапсы­рыс берушілер қатары азаймады. Өйткені Әлия Исимова ашқан ше­бер­­хананың тігіншілері балалар киі­мін сапалы тігеді. Ал тапсырыс берген тұтынушылар тарапынан ша­ғым болған емес.

– Мемлекет тарапынан кәсіп­кер­лер­ге көрсетілетін қолдауды мен де сезіндім. Ең бастысы, әркімнің өз жобасын іске асыруға ықыласы болуы керек. Мен ұсынған бизнес-жобаға «Ең­бек» бағдарламасымен өте тиімді шарттармен несие алдым. Несиені өтеу мерзімі – 4 жыл. Ал жылдық мөл­шерлемесі 6 пайыз болғаны біз се­кілді кәсіпкерлерге үлкен қолдау болады деп ойлаймын. Несие төлемін мерзімінде төлеймін. Сол себептен болар, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қызметкерлері маған қа­жетті қағаздарымды тез ресімдеп берді, – деді Ә.Исимова.

Атырау облысы

Бөлісу:
Қиындыққа мойымаған жан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар