Парламент
1 мин оқу 231

Коллектор қызметі туралы заң жобасын қарайды

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.</p>

Коллектор қызметі туралы заң жобасын қарайды

Депутаттар қарауына бірінші оқылымда микроқаржылық және  коллекторлық қызметті реттеу  мәселелеріне қатысты заң жобасы ұсынылды. 

Сонымен қатар ратифика­ция­ланатын заң жобалары да қарас­тырылған. Олар: Қазақстан Үкі­меті мен Білім, ғылым және мәде­ниет мәсе­лелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында мә­дениеттерді жақындастыру халық­аралық орталығын құру туралы, сон­дай-ақ Қазақстан мен Грузия ара­сындағы халық­аралық автомобиль қатынасы туралы келісімдер бар.

Екінші оқылымда депутаттар техникалық реттеу және жол жүрісіне қарасты заң жобаларын талқыламақ.

Алдағы жалпы отырыста дене шынықтыру мен спорт­қа қатысты заңнамалық жаңалық­тарды талқылау жос­парлануда.

Күн тәртібінің жобасын­да мемле­кеттік басқару деңгей­лері арасында өкі­леттіктерді қай­та бөлу мен отбасылық және гендерлік саясат мәселелеріне қатысты заң жобаларымен жұмысты жалғастыру ұсы­нылды.

Сонымен қатар Мәжіліс Еуразия­лық экономикалық одаққа мүше мем­лекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады.

Бөлісу:
Коллектор қызметі туралы заң жобасын қарайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар