Аймақтар
1 мин оқу 162

Алматының Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар

<p style="text-align: justify;">Бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі клиникалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу шаралары туралы айтты.</p>

Алматының Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар

Б. Сағынтаевтың мәліметінше, тұрақтандыру қорын құру үшін 10 млрд теңге бөлінді. Оның 5 млрд теңгесі ауруханалар мен емханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, 5 млрд теңгесі дәріханаларды дәрілік препараттармен үздіксіз қамтамасыз етуге арналған. Бүгінгі таңда 68 атау бойынша азайтылмайтын ең төменгі қор 8 млн дәрілік препаратты құрайды.

Сонымен бірге, жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры құрылған. 4,7 млн ЖҚҚ бар, «СК-фармациядан» 4,6 млн ЖҚҚ келіп түсуі күтілуде. Сонымен қатар, қалада күнделікті қуаты 1 млн бірлікті құрайтын медициналық бетперделер өндірісі жолға қойылған.

Бөлісу:
Алматының Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар