Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушыларға айыппұл салынды
<p style="text-align: justify;">Полиция қызметкерлері, еріктілер және аудан әкімдіктерінің өкілдері сауда орталықтарында, мейрамханаларда және басқа да нысандарда карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтерді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігіне сілтеме жасап.</p>
Мамандардың айтуынша, тәртіп бұзушылар негізінен қоғамдық тамақтану орындары - мейрамханалар, демалыс орындары, банкет залдары, сондай-ақ сауда және ойын-сауық нысандары. Бұзушылықтар – бұқаралық іс-шаралар өткізу, жұмыс уақыты мен маска тағу тәртібін сақтамау, келушілердің тым көп болуы.
6 желтоқсандағы жағдай бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аудандық басқармаларына карантинді бұзушыларға қатысты 2213 материал келіп түсті. 1151 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 226 363 114 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.