Қаржы
2 мин оқу 280

Зейнетақы төлемдерін алуға шақырды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры&raquo; АҚ зейнет жасына жеткен, қорда зейнетақы жинақтары бар және зейнетақы төлемдерін алуға өтініш бермеген адамдарды қордағы жинақтарын алуға шақырды.</p>

Зейнетақы төлемдерін алуға шақырды

«Әсіресе 59,5 жасқа былтыр толған әйелдердің назарын ерекше аударғы­мыз келеді. Егер олар төлем тағайындауға жыл соңына дейін жүгінбесе, мұны келесі жылы тек 60 жасқа толғаннан кейін ғана жасай алады. «Қазақстан Республика­сын­да зейнетақымен қамсыз­дан­дыру туралы» заңына сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жар­ты жылға ұлғайып, 2027 жы­лы ерлермен теңесетіні белгілі. Естеріңізге сала кете­йік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушы өтініш берген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақ­тары таусылғанға дейін жүзеге асырылады» делінген қор мәлімдемесінде.

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты бірың­ғай өтініш беру үшін Мемле­кеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес «Азамат­тарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорация­­сы» КеАҚ-қа өзіңізге ыңғай­лы уақытта жүгіну қажет. Зейнетақы төлемін тағайын­дау туралы өтінішті зейнет­керлік жасқа толғанға дейінгі 10 күн ішінде беруге болады.

Бірыңғай өтініш негізін­де алушыға Мемлекеттік кепіл­дік (инфляция дең­гейін ескере отырып, нақ­ты енгізілген міндетті зей­нет­ақы жарналарының, мін­детті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) төлеу бойынша белсенді қызмет те көрсетіледі.

БЖЗҚ алушылардың Қазақстан Республикасы заң­намасының ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады. Ай сайынғы зей­нет­ақы төлемінің мөлшері Үкіметтің 2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлем­дерінің жылдық сома­сының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте ай сайынғы зей­нет­ақы төлемінің есептелген мөлшерінің төлемі рес­пуб­­ли­ка­лық бюджет туралы заң­да тиісті қаржы жылына бел­гі­­лен­ген ең төмен күнкөріс дең­­­ге­йінің 54 пайызы­нан кем емес мөл­шерде жүзеге асы­рыл­а­­ды (01.04.2020 ж. бастап – 17 640,72 теңге = 54% * 32 668).

Егер өтініш берілген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет біржола төленеді. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл сома 485 292 теңгеге тең.

АЛМАТЫ

 

Бөлісу:
Зейнетақы төлемдерін алуға шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар