Қоғам
1 мин оқу 245

Ғарыш аймағынан мыс өнімдерін ұрлаған екі адам ұсталды

<p class="p1"><span class="s1">Қызылорда облысында мыс өнімдерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/">Polisia.kz.-ке </a>сілтеме жасап.</span></p>

4 желтоқсанда полицияға Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің ұрланғандығы жөнінде арыз түсті.

Дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кіріскен полицейлер осы ұрлықты жасауға күдікті ретінде Байқоңыр қаласының екі тұрғынын ұстады.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Полицейлер күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. 

Бөлісу:
Ғарыш аймағынан мыс өнімдерін ұрлаған екі адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар