Аймақтар
1 мин оқу 136

Атырауда ауруханаларда 4 оттегі стансасы іске қосылды

<p style="text-align: justify;">Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанованың ақпаратына қарағанда, ауруханаларда жыл соңына дейін тағы 5 оттегі стансасы іске қосылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда ауруханаларда 4 оттегі стансасы іске қосылды

"Облыста 9 оттегі стансасын жасақтау жоспарланған болатын. Қазір 4 оттегі стансасы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары 27 рентген, 4 МРТ, 12 компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз етілді. Мұның бәрі – коронавирус инфекциясы мен коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтар", дейді Нина Оспанова.

Сондай-ақ медициналық ұйымдары дәрі-дәрмектің екі айлық қорымен қамтамасыз етіліп отыр. Коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілік заттардың 42 түрлі қоры жасақталды.

Бөлісу:
Атырауда ауруханаларда 4 оттегі стансасы іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар