Аймақтар
1 мин оқу 396

Теңіз кен орнында карантин шаралары күшейтілді 

<p>Атырау облысында өткен тәулікте 61 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 11 науқас емделіп шықты</p>

Теңіз кен орнында карантин шаралары күшейтілді 

Атырау облысы Теңіз кен орнында карантин шаралары күшейтіді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстың бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Атырау облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 80%-і Теңіз кен орынынан анықталып отыр.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, жетінші желтоқсанда коронавирус жұқтырғандардың ішінде 19 адам – Атырау қаласының тұрғыны болса, қалған 42 адам кен орнында жұмыс істеген.

"Науқастармен қарым-қатынаста болған жұмысшылар оқшауланып, медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 42 адам – Теңіз кен орнындағы екі компанияның қызметкерлері. Қазір екі компания карантинге жабылды", - деді  Жұмағалиев.

Сонымен қатар аймақта науқастардың артуына байланысты Атыраудан Теңізге қосымша 15 медицина маманы жіберілетін болды.

​Айта кетейік, Атырау облысында өткен тәулікте 61 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, 11 науқас емделіп шықты. Қазір 164 адам үй жағдайында емделіп жатыр.

Бөлісу:
Теңіз кен орнында карантин шаралары күшейтілді  · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар