Жаңалықтар
1 мин оқу 300

Алматы орталығынан мина табылды

04 12-SnaryadАлматы қаласының тұрғыны орталық аумақтардың бірінен мина тауып алды. Бұл туралы Kazakhstan Today хабарлады.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі, майор Салтанат Әзірбектің мәлімдеуінше, бүгін өңір тұрғыны Желтоқсан-Сәтпаев көшелерінің қиылысынан минаға ұқсас металл зат тауып алған. «Арлан» арнаулы бағыттағы саперлер тобы және төтенше жағдайлар қызметкерлері ішкі істер департаментіне келіп түскен бұл ақпарды тексеру барысында 82 мм калибрлі миномент қаруынан атылуға арналған снаряд екенін анықтады.

«Оқиға болған жерде іске Алматы полициясының 18 адамы мен 6 автокөлік бірлігі тартылды.  Қауіпсіздік шаралары мақсатында аумақ қоршауға алынды, бірақ эвакуация жасалған жоқ», – деп түсіндірді ішкі істер департаментінің өкілі.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Kazakhstan Today

Бөлісу:
Алматы орталығынан мина табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар